

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы және «Ата-аналарды қолдау орталығы» жоспары аясында «Мейіргер ісі» мамандығының 1 СД-АК тобының жетекшісі А.Сатбекова “Ата-ана рөлі мен жауапкершілігі” тақырыбында мотивациялық әңгіме өткізді. Мақсаты: студенттерге ата-ананың рөлі мен жауапкершілігін түсіндіру, отбасыдағы қарым-қатынасқа деген құрмет пен жауапкершілікті қалыптастыру, моральдық-этикалық құндылықтарды насихаттау, сондай-ақ болашақ мейіргер ретінде өз-өзіне сенімділік пен дұрыс кәсіби ұстанымын дамытуға ықпал ету.
