
2025 жылдың 25-26 қараша күндері «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында жалпы білім беру пәндерінің оқытушылары Қ.Гаипов, А.Ақмурзиева, Н.Жексенова, А.Сатбекова және Б.Токтаровтың жетекшілігімен 1 курс студенттері ҚР Президенттік орталығының музейіне экскурсияға барды. Мақсаты: студенттердің ел тарихы мен мемлекеттік билік жүйесі туралы білімін тереңдету, ҚР Президенттік институтының қалыптасуы мен дамуы жөнінде мағлұмат беру, отансүйгіштік сезімін, азаматтық жауапкершілігін арттыру, танымдық қабілеттерін кеңейту, тарихи-мәдени мұраға деген құрметін қалыптастыру және еліміздің саяси-тарихи құндылықтарын зерделеуге қызығушылығын ояту.
