2025 жылдың 24 қыркүйек күні 1 курс студенттері үшін топ жетекшілері «Астананы жаяу аралау» экскурсиясын өткізді. Бұл іс-шара дәстүрлі болып табылады. Студенттерді қаланың барлық аспектілерімен, оның тарихымен, елорданың ерекше көрікті жерлерімен таныстыру үшін топ жетекшілері жаяу экскурсия маршрутын, квест ойындарын әзірледі.

