2025 жылдың 23 қыркүйегінде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында АӘД пәнінің оқытушысы Қ.Гаипов 1-курс студенттеріне Ауған соғысының ардагерлері Сембек Қабиев мен Сабит Ақпаев және «Жас Сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының қызметкері, Олжас Самарханмен кездесу ұйымдастырды. Кездесудің мақсаты – студенттерге патриоттық тәрбие беру, Отан қорғаушылардың ерлігімен таныстыру және азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру.

