2026 жылғы 9–10 қыркүйек күндері 1-курс студенттеріне топ жетекшілері тарапынан «Астананы жаяу аралау» атты экскурсия ұйымдастырылды. Аталған іс-шара дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Оның негізгі мақсаты – студенттерді қаланың тыныс-тіршілігімен, тарихымен және елордамыздың бірегей көрікті жерлерімен таныстыру. Топ жетекшілері жаяу экскурсиялық бағыт әзірлеп, қызықты квест-ойындар ұйымдастырды.

