«Қыз бала – отбасының шырайы»

2026 жылғы 10 қыркүйек күні «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Медикер-Астана» поликлиникасының СӨС насихаттау дәрігері Жалелиден Айдана Рустамқызының ұйымдастыруымен 1СД-АК тобының студент қыздарымен «Қыз бала – отбасының шырайы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Мақсаты: қыз балаларға отбасылық құндылықтардың маңызын түсіндіру, СӨС ұстануға бағыттау, жеке бас гигиенасы мен денсаулықты сақтаудың маңыздылығы туралы ақпарат беру. Сонымен қатар, қыздардың қоғамдағы және отбасындағы жауапкершілігі, әдептілік пен мәдениеттілік мәселелері талқыланды. Дөңгелек үстел барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, маманмен еркін пікір алмасты. Іс-шара танымдық әрі тәрбиелік бағытта өтіп, студенттер үшін пайдалы ақпараттармен толықты.

 

 

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *