2026 жылдың 10 наурызында арнайы пәндер оқытушысы П.Б. Оразаева «Мейіргер ісі» мамандығының 4 курс студенттері арасында «Қоғамдағы стигматизация – нашақорлықпен күрестегі басты кедергі» тақырыбында колледжішілік конференция өткізді.
Студенттер стигманың таралу себептерін, қоғамдық пікірді қалыптастырудағы қоғам мен бұқаралық ақпарат құралдарының рөлін, сондай-ақ тәуекел тобындағы адамдарды қолдаудағы медициналық және әлеуметтік қызметтердің маңыздылығын көрсететін баяндамалар мен презентацияларды ұсынды. Конференция соңында Kahoot! арқылы викторина өтті!
Мұндай іс-шараларды өткізу студенттердің білімін кеңейтуге, кәсіби ойлауды дамытуға және қоғамдық денсаулық мәселелерінде белсенді азаматтық ұстанымға ықпал етеді.
Студенттер сертификаттармен марапатталды.
