2026 жылдың 26 наурыз күні «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында және «Наурыз» мейрамының «Тазару» күніне орай колледжде «Жер сағаты» экологиялық акциясы өтті. Бұл іс-шара аясында студенттерге экология мәселелеріне тұрақты даму мен табиғи ресурстарды болашақ ұрпақтар үшін сақтау маңыздылығына арналған деректі фильм көрсетілді. Іс-шара соңында күнделікті өмірде экологиялық жауапкершілікті қалай арттыруға болатындылығы туралы кеңестер ұсынылды.

