2024 жылдың 20 ақпанында «Емдеу ісі» мамандығы апталығы аясында бөлім меңгерушісі Д. С. Бекбергенованың жетекшілігімен Астана қаласының «Есіл» ауданының жедел жәрдем станциясынан 2022 жылғы колледж түлектері «Жедел жәрдем тыңдап тұр» атты семинар-тренингін өткізді. Түлектер өз тәжірибелерімен бөлісті, жүрек-өкпе реанимациясын жүргізу кезінде балалар мен ересектер арасындағы негізгі айырмашылықтарды көрсетті. Болашақ фельдшерлер практикалық дағдыларды орындауда мамандар үшін теориялық білімнің маңыздылығын атап өтті. Олар колледж оқытушыларына алғыстарын білдірді!

