2025 жылғы 24 ақпанда «Емдеу ісі» мамандығының апталығы аясында арнайы пәндер оқытушысы А.К. Бисембаеваның жетекшілігімен 4-ЛД-Г тобының студенттері арасында «Жатыр мойны қатерлі ісігін алдын-алу. Вакцинация» тақырыбында колледжішілік конференция өткізілді Конференцияның мақсаты: жатыр мойны обыры ауруының алдын алудағы вакцинацияның рөлін талқылау, сондай-ақ адам папилломавирусына (HPV) қарсы вакцинацияның маңыздылығы туралы хабардарлықты арттыру. Конференцияға қатысушылар вакциналардың тиімділігін растайтын ғылыми дәлелдерді қарастырды және вакцинация жатыр мойны обырының даму қаупін қалай айтарлықтай төмендететінін талқылады. Конференция жатыр мойны обырымен күресте алдын алу шараларының маңыздылығын түсінуді тереңдете отырып, білім мен тәжірибе алмасу алаңына айналды.
Конференция нәтижелері бойынша:
1 орын Бекишев Богдан
2 орын Абдуллаева Ульвия
3 орын Шайгород Диана

