2024 жылдың 19 ақпанында колледждің «Зияткер» клубының жетекшісі Б.Абдрахман, «Jastar jalyny» жастар бірлестігінің пікірсайыскелері: Д.Кенжеғали, Д.Сайлаубектің ұйымдастырумен «Емдеу ісі», «Мейіргер ісі» мамандықтарының студенттері арасында «Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы» пікірсайыс турнирін өткізді.
Пікірталас барысында жастар арасындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың себептері талқыланды, сондай-ақ қоғамдағы бұл құбылысты жою шаралары ұсынылды. Пікірталас өте қызықты өтіп, қатысушылар жоғары эрудиция көрсетіп, өз дәлелдерін сауатты баяндай білді.

