«Жүсіпбек Аймауытовтың «Қартқожа» романындағы кейіпкерлердің рухани әлемі» тақырыбында колледжішілік конференция

2025 жылдың 30 мамыр күні жалпы білім беру пәндерінің оқытушысы А.М. Сатбекова 1-СД-АК тобының студенттерімен ғылыми-зерттеу жұмысы аясында «Жүсіпбек Аймауытовтың «Қартқожа» романындағы кейіпкерлердің рухани әлемі» тақырыбында колледжішілік конференция өткізді.
Конференцияның мақсаты: студенттердің әдеби шығармаға деген танымдық көзқарасын қалыптастыру мен тереңдету, сыни ойлау қабілеттерін дамыту.
Іс-шара барысында студенттер роман бойынша негізгі мәліметтерді ортаға салып, өз ойлары мен көзқарастарын еркін жеткізе білді. Конференция студенттердің пәнге деген қызығушылығы мен ынтасын арттыруға ықпал етті.
Баяндамаларды қорғау арқылы студенттердің сөздік қорын байыту – басты мақсаттардың бірі болды.

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *