
2025 жылдың 12 желтоқсан күні «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында ҚР Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында 1-курстың топ жетекшілері «Ынтымақ түбі – игілік» тақырыбында кураторлық сағат өткізіп, соңы «Қауіпсіздік сабағымен» жалғастырды. Мақсаты: студенттер арасында бірлік пен ынтымақтың маңызын түсіндіру, өзара құрмет пен қолдау мәдениетін қалыптастыру, жауапкершілік сезімін нығайту, сондай-ақ олардың қауіпсіздік ережелері жөніндегі білімін арттырып, төтенше жағдайлардың алдын алу дағдыларын дамыту.
