«Хронофармакология» тақырыбында колледжішілік конференция

2025 жылғы 28 наурызда «Фармация» апталығы аясында оқытушы З. Х. Қожабекованың жетекшілігімен 3-ФМ-АК-11 тобында «Хронофармакология» тақырыбында колледжішілік конференция өткізілді.
Хронофармакология – бұл фармакологияның организмнің биологиялық ырғақтарының дәрілік заттардың әсеріне тигізетін ықпалын зерттейтін бөлімі. Препараттардың тиімділігі мен төзімділігі олардың тәуліктің қай уақытында қабылданғанына байланысты екенін ескеру маңызды. Хронофармакология терапияны оңтайландыруға, оның тиімділігін арттыруға және жанама әсерлерін азайтуға көмектеседі. Мысалы, антигипертензивті препараттарды таңертең қабылдаған тиімді болса, антигистаминдерді кешке қабылдау ұсынылады.
Студенттердің жұмыстары «Фармацевт» пәндік үйірмесінің ғылыми-практикалық қызметінің теориялық кезеңінің нәтижесі болып табылады. Жұмыс барысында студенттер студенттер арасында сауалнама жүргізді, күн ішінде жұмыс қабілеттілігінің өзгеруін байқады, «күн режимі» ұғымын зерттеді және ұсынылған нормалармен өз тәртібіне салыстырмалы талдау жүргізді.

 

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *