2023 жылғы 19 қыркүйекте колледжде Қазақстан халықтарының тілдері күніне арналған «Халық достығы-тіл достығы!» тілдер апталығының салтанатты ашылуы өтті.
Іс-шараның мақсаты:
-Студенттердің тілдерді меңгеру саласындағы негізгі (жалпы мәдени, оқу-танымдық, коммуникативтік-ақпараттық, құндылық-семантикалық) және арнайы құзыреттіліктерінің даму деңгейін арттыру.
— Студенттер арасында шет тілдерін оқытуды насихаттау.
Іс-шара қазақ және орыс тілдерінде өткізілді. «Емдеу ісі», «Мейірбике ісі» мамандықтарының студенттері өлеңдер оқып, қатысушылардың Отанға және тілдерге деген терең құрмет сезімін оятып, әндер мен билер орындады. «Халық ақылы – мақал-мәтелде» акциясын өткізіп, оқушылар сөз, тіл туралы мақал-мәтелдерді еске түсіріп, мағынасын түсіндірді.

