Вебинар

2023 жылғы 17 мамырда колледж оқытушылары «EDP Hub (Идипи Хаб)» ЖШС ұйымдастырған «ТжКБ мекемелеріне арналған цифрлық білім беру ресурстары» вебинарына қатысты. «EDP Hub (Идипи Хаб)» ЖШС — халықаралық деңгейдегі білім беру бағдарламалық қамтамасыз етуін әзірлеуші және білім беру мекемелеріне арналған оқу және кәсіби әдебиеттер баспасы.
Вебинарды компания өкілі Лада Данилова өткізді. Вебинар барысында спикер тыңдаушыларды компаниның цифрлық білім беру өнімдерімен: E-UNI.KZ оқу әдебиетінің ұлттық цифрлық кітапханасымен және ТжКБ мекемелеріне арнайы әзірленген ресейлік PROF білім беру электрондық ресурспен егжей-тегжейлі таныстырды. Спикер «Кәсіптік білім беру» және «Ай пи Ар Медиа»эксклюзивті баспаларының оқу және кәсіби әдебиеттеріне ерекше назар аударды.

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *