«Туберкулездің алдын алу» атты дөңгелек үстел

2023 жылғы 27 наурызда «Мейіргер ісі» мамандығы апталығы аясында және туберкулездің алдын алу айлығы аясында арнайы пәндер оқытушысы Н. Б. Бейсенова «Туберкулездің алдын алу» атты дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелге Отбасылық денсаулық орталығының директоры-Г. Ш. Молдағалиева және дәрігер –Г. Х. Мұқатаева, колледж оқытушылары мен студенттері қатысты.
Дөңгелек үстелдің мақсаты: студенттердің туберкулездің таралу себептері, клиникалық көріністері, диагностикасы, алдын алу туралы білімдерін арттыру. Гүлнара Шахманова алғашқы медициналық-санитарлық көмекте туберкулездің анықталғаны туралы айтты. Гүлсая Ханзабайқызы жүргізіліп жатқан профилактикалық іс-шаралар туралы айтып берді. 3 курс студенті Сағадиев Даян республикадағы эпидемиологиялық жағдай туралы, ал Үсен Балерке балалардағы туберкулездің диагностикасы мен алдын алу шаралары туралы айтып берді. Студенттер сұрақтар қойып, оларға жауаптар алды.

 

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *