2025 жылдың 23 мамыр күні «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында «Емдеу ісі» мамандығының 1 курс студенттері «Астана Жастары» ЖРО ұйымдастырған жоғары санаттағы жаттықтырушы, халықаралық санаттағы төреші, спорт шебері, «Шапағат» орденінің иегері, «Изумруд» гимнастика мектебінің негізін қалаушы Балғынбаева Меруертпен «Туған жердің тұлғалары» атты кездесуге қатысты. Мақсаты: жастарға туған жердің мақтанышына айналған тұлғаларды таныстыру, олардың жетістіктері арқылы өскелең ұрпақты патриоттыққа, табандылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу, сондай-ақ өмірлік тәжірибесі мен кәсіби жолы арқылы ынталандыру.

