2023 жылғы 18-22 қыркүйек аралығында «Халық достығы – тіл достығы» тілдер апталығы аясында қазақ тілі мен әдебиет пәнінің оқытушысы Несипбекова А.С. ұйымдастыруымен 1-курс білім алушыларына арналған «Тіл – асыл ойдың бұлағы» тақырыбында эссе байкауы өткізілді.
Эссе байқауының мақсаты: білім алушыларды өз бетінше ізденуге, ойларын еркін жаза білуге үйрету, ой-өрісін, тілін, ойлау қабілетін дамыту, шығармашыл, белсенді тұлға тәрбиелеу, ана тілімізді құрметтеуге баулу.
Эссе байқауына барлығы 51 студент қатысып, комиссия мүшелерінің шешімі бойынша келесі орындар берілді:
1-орын Орынбай Тұрар 1 ЛД-БК тобының студенті
2- орын Орынтай Аружан 1 ЛД-АК тобының студенті
3 — орын Қадыр Ғазиза 1 СД-АК тобының студенті

