2025 жылғы 28 қаңтарда «Педагогика мен медицинадағы инновациялық технологиялар, әдістер, идеялар» апталығы аясында колледждің арнайы пәндер оқытушысы Ж.А. Дариева «Терапиядағы мейіргерлік үрдіс» бойынша шеберлік сабақ өткізді. Жанат Азимбековна мейірбикелік процестің бес кезеңін, мейірбикелік күтімді және тәуелді, тәуелсіз көмек көрсетуді егжей-тегжейлі ашты. Оқытушылар осы тақырып бойынша тәжірибелік тапсырмаларды орындады.

