2025 жылдың 9 қыркүйек күні 1 курстың топ жетекшілері «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Төтенше қызмет нөмірлері және сенім телефондары» тақырыбында қауіпсіздік сабағын өткізді. Сонымен қатар, “8 қыркүйек – Отбасы күніне орай” тәрбиелік маңызы бар қосымша топ сағаттары ұйымдастырылды.
Мақсаты: студенттердің қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесіне кіретін қызметтер және шұғыл қызметтердің телефон нөмірі туралы түсініктер беру.

