Колледж кітапхана меңгерушісі Н.Мәтбаева ҚР Тәуелсіздік күні мерекесіне орай «Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры» тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастырды. Кітапхананың кітап қоры негізінде жасалған кітап көрмесінде қазақ елінің тарихы, тәуелсіздік жолындағы күресі, тәуелсіздік алғаннан кейінгі жетістіктері туралы кітаптар қойылып, студенттерге мәлімет берілді.

