2025 жылдың 26 мамыр күні «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында «Емдеу ісі» мамандығының 1 курс студенттері «Астана Жастары» ЖРО мамандарымен өткізілген «Тәртіп – тән үшін, ынтымақ – жан үшін керек» атты кездесуге қатысты. Мақсаты: студенттердің бойына тәртіп пен ұйымшылдықтың маңыздылығын сіңіру, қоғамдағы ынтымақ пен бірліктің рөлін түсіндіру. Сонымен қатар, тұлғаның рухани және дене тәрбиесінің үйлесімділігін көрсету, жастарды сыйластыққа, бірлікке, жауапкершілікке тәрбиелеу.

