«Студенттік арбат»  қалалық көрме-фестивалі

2023 жылдың 31 мамырында 1 СД-ВК тобының колледж студенттері , «Bagdar.kz»» клуб жетекшісі М.М. Қасымов және қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы А. Т. Нұрғожина техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының мектеп түлектеріне арналған «Студенттік арбат» қалалық көрме-фестиваліне қатысты.
Көрме-фестиваль жалпы білім беретін мектеп түлектеріне елорданың техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары туралы қажетті ақпарат беру мақсатында өткізілді және мектеп оқушыларының кәсіби өзін-өзі анықтауын қалыптастыруға, оларға мамандық таңдауда көмек көрсетуге, сондай-ақ ТжКБ мамандықтарының беделі мен имиджін арттыруға бағытталған.
Іс-шара аясында 1 СД-ВК топ студенттері колледждің жарнамалық өнімдерін таратты.

 

 

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *