Студенттер қатарына қабылдау-2026
2026 жылғы 24 қыркүйек күні «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында «Tanym» оқушылар сарайында «З.Г.Мурзагулова атындағы «Даналық» жоғары медициналық колледжінің» БМ жаңа 2026-2027 оқу жылының талапкерлері үшін «Студенттер қатарына қабылдау – 2026» салтанатты іс-шарасы өтті. Іс-шараға 300-ден астам студент қатысты. Іс-шара өте ауқымды, қызықты өтті.
1 курс студенттері үшін колледж белсенділері жан-жақты: ән шырқады, би биледі, көңіл-күйді көтерді және «СТУДЕНТ» атағын алуларымен құттықтады.



















