2023 жылғы 30 қазанда МКҚК «Жастар» сарайында «З.Г. Мурзагулова атындағы «Даналық» жоғары медициналық колледжінің» жаңа 2023-2024 оқу жылының талапкерлері үшін «Студенттер қатарына қабылдау – 2023» салтанатты іс-шарасы өтті. Іс-шараға 650-ден астам студент қатысты. Іс-шара өте ауқымды, қызықты өтті.
1 курс студенттері үшін жоғары курс студенттері жан-жақты: ән шырқады, би биледі, көңіл-күйді көтерді және «СТУДЕНТ» атағын алуларымен құттықтады.


