«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы және «Ата-аналарды қолдау орталығы» жоспары аясында «Емдеу ісі» мамандығының 1ЛД-АК тобының жетекшісі Г.Жақсылықова “Стресс кезінде балаға эмоционалдық қолдау көрсету” тақырыбында практикалық мастер-класс өткізді. Мақсаты: бала стресске ұшыраған жағдайларда ата-аналардың дұрыс әрекет ету дағдыларын қалыптастыру, эмоционалдық қолдау көрсетудің тиімді әдістерін үйрету, ата-ана мен бала арасындағы сенімді қарым-қатынасты нығайту, сонымен қатар отбасы ішіндегі психологиялық қолайлы ортаны қалыптастыруға ықпал ету.
