«Спорт, денсаулық, дене шынықтыру – бұл ең үздік мәдениет!» тақырыбында пікірсайыс

2023 жылдың 19 қазанында «Зияткер» пікірсайыс клубының жетекшісі Б.Абдрахман, «JASTAR JALUNY» ҚБ төрағасы М.Джузбек пен орынбасары Н.Серік 1-2 курс студенттері арасында ҚР күніне арналған акциясы аясында «Спорт, денсаулық, дене шынықтыру – бұл ең үздік мәдениет!» тақырыбында пікірсайыс турнирін өткізді.
Нәтижесінде:
«ҮЗДІК ФРАКЦИЯ» номинациясын 3 курс студенті Б.Адурахман; «ЖАС ҮЗДІК» фракциясын 1 курс студенті Ә.Ринат;
«ҮЗДІК СПИКЕР» номинациясын 2 курс студенті А.Нұранбекова жеңіп алды.
М.Джузбек қатысушыларға ҚР 30 жылдығына арналған «Қазақстан. Бізге 30 жыл» атты энциклопедияларды табыстады.
Сіздерді жеңістеріңізбен құттықтаймыз!

 

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *