Сегізінші наурыз – «Халықаралық әйелдер күні» көктем және әйелдерге құрмет көрсету күні! Эдвайзер Д.Бекбергенова және «Клиникалық пәндер» ЦӘК төрайымы Ж.Карпикбаеваның ұйымдастыруымен 3-4 курс колледж студенттері әйелдер құрметіне орай, ауқымды мерекелік концерт ұйымдастырды. Бұл күні колледж әйелдері мен қыздарына көп құрмет көрсетіліп, бірнеше оқытушыларға Білім басқармасы мен колледж тарапынан «Алғыс хаттар» табысталды.

