2024 жылдың 30 сәуір күні кітапхана меңгерушісі Мәтбаева Н. «Емдеу ісі» мамандығының 1-ЛД-ВК топ студенттерімен бірлесіп, «Оқитын өлке» акциясы аясында «Салт-дәстүрім – асыл қазынам» тақырыбында этновикторина ұйымдастырды. Шара барысында студенттер қазақ халқының салт-дәстүрлері мен ырым-тыйымдары туралы сұрақтарға жауап беріп, жүлделі сыйлықтарға ие болды.

