«Салауатты әдеттер марафоны» атты фотобайқауы

       2019 жылдың 3 мен 13 маусымы аралығында «Даналық» колледжінің студенттері Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мен Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы ұйымдастырған Халықаралық нашақорлыққа және заңсыз есірткі айналымына қарсы күрес күні аясында «Салауатты әдеттер марафоны» атты фотобайқауына қатысты.
        Байқау міндеттері мен мақсаттары жасөспірімдер мен жастарда  салауатты өмір салтын ұстануға бағытталған құндылықтар жүйесін қалыптастыру; салауатты өмір салтына  және зиянды әдеттерден бас тартуға уәзжемені арттыру; байқауға қатысушылардың шығармашылық әлеуетін дамытуға жәрдемдесу; позитивке, жақсы көңіл күйге, спортқа дене белсенділігіне ерекше мән беру болып табылады.

Фотобайқаудың қорытындысы бойынша:

Аты жөні Жетістіктері Жетекшілері
Нуриахметова Карина 2 орын Нургожина Асель Талгатбековна
Гомарова Анель  3 орын Сейтахметова Айгерим Сериковна
Шарипова Азиза  Алғыс хат Нургожина Асель Талгатбековна
Ширгатова Зарина Алғыс хат Хатпина Бибигуль Жанбулатовна

Қатысушыларды жеңісімен құттықтаймыз! Жаңа жеңістер тілейміз!

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *