2025 жылғы 24 қаңтарда «Педагогика мен медицинадағы инновациялық технологиялар, әдістер, идеялар» апталығы аясында колледж оқытушылары үшін директордың ҒӘОЖ жөніндегі орынбасары М. А. Шабданова «Сабақ жоспарларын әзірлеу: сабақтың мақсаттары мен міндеттерін анықтау» атты семинар өткізді. Мақсаты: білім беру қызметінің тұтас құрылымының негізгі құрамдас бөлігі ретінде мақсат пен міндеттерді қою туралы оқытушылардың түсінігін жетілдіру.

