2026 жылғы 2 қарашада оқытушы А.Е.Джумашеваның жетекшілігімен қазақтың көрнекті ақыны, қоғам қайраткері С.Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығына арналған «Сәкен — ұлт рухының сөнбес шырағы» атты әдеби кеш өтті. Мақсаты: студенттердің отансүйгіштік сезімін оятып, ұлттық әдеби мұраға деген құрметін арттыру. Шара барысында студенттер ақын шығармаларын мәнерлеп оқып, «Аққудың айырылуы» поэмасы желісімен сахналық көрініс қойды. Болашақ медицина қызметкерлеріне мейірімділік, жауапкершілік және мамандыққа адалдық сияқты қасиеттердің маңызы түсіндірілді. Екі тілде өткен шара жастардың рухани дүниетанымнын кеңейтуге ықпал етті.

