2019 жылдың 29 мамырында «Даналық» колледжінің студенттері кәсіптік бағдар беру мақсатында «Нұр-Сұлтан – жарқын болашақ мекені» атты жастарға арналған мамандықтардың шеберлер қалашығында мектеп бітірушілеріне және қала тұрғындарына алғашқы медициналық көмек көрсету мастер-классын өткізді. Іс-шара барысында мектеп бітірушілеріне медицинаға деген қызығушылықтарын оятты.