«Нұр-Сұлтан қаласының балалар үйі» ММ «Әрқашан күн сөнбесін!» атты іс-шарасы

2019 жылдың 31 мамырында «Даналық» колледжінің «Ақ жол» жобасы аясында «Емдеу ісі» мамандығының 2-ЛД-Г тобының студенттері топ жетекшісі Ж. Ж. Кабенова және бөлім меңгерушісі Н. К. Баранбаева «Нұр-Сұлтан» қаласының балалар үйі» ММ «Әрқашан күн сөнбесін!» атты іс шарасын өткізді.
Іс-шараның басты мақсаты-тәрбиеленушілерді Балаларды қорғау күнімен құттықтау! Балалар үйінің тәрбиеленушілері мерекелік концерт дайындады: балалық шақ, отбасы, мейірімділік және әлем туралы әндер айтты, өлеңдер мен монологтарды оқыды, көрермендермен ойнады. 
Концерт аяқталғаннан кейін біздің студенттер «Өзің туралы айтып бер» ойынын, «Ұйымшылдыққа» атты тренинг өткізді. Балалар үйінің ауласындағы асфальтта сурет салды, негізінен үй мен күнді, жануарларды, жүректі, гүлдерді салды. Тілектер жазылған қағазды байлап аспанға шарларды ұшырды. Іс-шара достық және жылы атмосферада өтті, барлық қатысушылар мен қонақтар риза болды.

 

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *