2025 жылдың 23 қантарда ОҚЫТУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН «ПЕДАГОГИКА МЕН МЕДИЦИНАДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР, ӘДІСТЕР, ИДЕЯЛАР» АПТАЛЫҒЫНЫҢ ЖОСПАРЫ апталығы аясында педагог-психологтар Балтабаева А.М. мен Бейсембаева Т.М. колледж оқытушылары үшін «Педагогикалық қызметкерлердің кәсіби күйзеліске ұшырауының алдын алу және стресске төзімділікті арттыру» тақырыбында тренинг өткізді.
Іс-шараның мақсаты: Өзін-өзі реттеу дағдыларын қалыптастыру және стрессті басқару. Өзінің «Мен» бейнесін жеке және кәсіби дамудың бірегей ресурсы ретінде тану.

