«Пациент пен медбикенің жұмыс орнындағы қауіпсіздігі» атты конференция

2019 жылдың 17 қазанында «№2 көпсалалы облыстық аурухана» МКК ШЖҚ базасында «Пациент пен медбикенің жұмыс орнындағы қауіпсіздігі» атты конференция өткізілді. Конференция  оқытушы З.К. Меерманованың жетекшілігімен «Денсаулық формуласы» үйірмесінің мүшелері мен 3-ЛД-ВК тобының студенттері арасында ұйымдастырылды.
Конференцияда аурухананың бас медбикесі Ж. Т. Мусулканова баяндама жасады. Баяндамада жоғары қауіпті дәрілермен  жұмыс жасау және құлауға жоғары қауіпті пациенттерге қауіпсіздік ережелерін сақтауға ерекше назар аударды.
Конференцияға  бөлімшелердің, қабылдау бөлімінң, ОЗБ  аға медбикелері, провизорлар қатысты. Конференция барысында студенттер аурухана қызметкерлеріне сұрақтар қойып, күнделікті жұмыстың мысалдарымен толық жауап алды.

 

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *