2023 жылғы 8 қыркүйекте клиникалық пәндер педагогтары Ж.А. Карпикбаева,Л. М. Аханова, А. Ю. Казелова Астанада алғаш рет 6-8 қыркүйектен бастап өткен «Орталық Азия онкологиялық апталығы» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысты.. Қазақстан, Өзбекстан, Түркия, Ресей, Беларусь, Ұлыбритания, Германия, АҚШ және Оңтүстік Кореядан спикерлер қатысты.
Конференцияда келесі мәселелерді талқылау жоспарланған: денсаулық сақтау және медициналық құқық, радиациялық онкология және ядролық медицина, онкологиядағы дәрілік терапияға дербестендірілген тәсілдер, онкологиялық науқастарға паллиативтік және қолдаушы көмек, онкологиядағы қарқынды және ноцицептивтік терапия, әртүрлі локализациядағы ісіктерді емдеудегі хирургиялық тәсілдерді оңтайландыру (сүт безі обыры, онкогинекология, онкохирургия, онкоурология, онкогепатология), онкологиядағы мейіргер ісінің үштігі: практика, білім және ғылым.
Конференция гибридті режимде (off-line алаң on-line іс-шара платформасы), қатысу форматы күндізгі (баяндама, постерлік баяндама), сырттай (тезистерді жариялау), трансляция тілі — қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде өтті.

