2024 жылдың 11 желтоқсан күні «Жаратылыстану ғылымдары және әлеуметтік-экономикалық пәндер» апталығы аясында Қазақстан тарихы пәнінің оқытушысы Г.Е.Жақсылықова 1 курс студенттері арасында колледжішілік олимпиада өткізді. Олимпиаданың мақсаты: 1. Өз елінің тарихын жақсы көретін зияткер, дарынды студенттерді іздеу;
2. Тарихты зерттеуге білім алушылардың қызығушылығын арттыру.
3. Студенттерге патриотизмге баулу және еліміздің тарихы мен ұлттық мәдениетіне деген құрметті дәріптеу;
4. Республикамыздағы үздік жас тарихшыларды анықтау, оларға қолдау көрсету және марапаттау.
5. Күрделі деңгейлі тапсырмаларды өздігінен орындау арқылы студенттер коммуникативті-ақпараттық дағдыларын дамыту

