2025 жылдың 17 сәуір күні «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында ҰОС Жеңісінің 80 жылдығын мерекелеу қарсаңында 1 курс топ жетекшілері 1СД-В (Талғат Бигельдинов), 1ЛД-БК (Мәншүк Мәметова), 1ЛД-АК (генерал Панфилов) Даңқ ескерткіштерінің қасында «Олар марапаттар үшін соғысқан жоқ» тақырыбында ҰОС батырларына арналған естелік сағаттарын өткізді. Іс-шараның мақсаты: Отан үшін жанын қиған батырлардың ерлігін ұмытпай, ұрпақ санасында мәңгі қалдыру; Отанға деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, соғыс кезеңдегі оқиғалар мен тұлғалар жайлы мағлұмат беру.

