«Не? Қайда? Қашан?» атты әдеби зияткерлік ойын

2023 жылдың 28 желтоқсан күні 1 курс «Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавры» студенттерімен арнайы пән оқытушысы А.Казелова «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында «Не? Қайда? Қашан?» атты әдеби зияткерлік ойын ұйымдастырды. Әдеби зияткерлік ойын 3 кезеңнен тұрды:
1 кезең — «Бәйге» сұрақ-жауап
2 кезең — «Жасырын ұяшық» бейне сұрақ
3 кезең — «Кім тапқыр?» медицинаға қатысты кино-сериалдардан үзінді
Қатысушылар өздерінің білімдерін жоғары деңгейде көрсете білді. Ойын соңында студенттер жинаған ұпайларына қарай 1,2,3- орын және «Ең тапқыр», «Ұшқыр ойлы», «Киноман» номинациялары бойынша марапатталды.

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *