2023 жылғы 14 маусымда колледждің 1-курс студенттері арасында есірткіге қарсы профилактика жоспарын іске асыру шеңберінде «Нашақор болмаудың 100 себебі» атты пікірталас өткізілді. Пікірталас ойын түрінде көрсетіліп, қызықты өтті. Ойын төрешілері: директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Темірбаева мен «Зияткер» дебат клубының президенті Б.Абдрахман болды.
Ойын қорытындысы бойынша:
«Үздік фракция» номинациясын – «Мүмкіндік» фракциясы марапатталды.
«Үздік спикер» номинациясымен – Нұранбекова Әсел (1-ЛД-БК) марапатталды.

