2026 жылдың 28 мамыр күні «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында топ жетекшілері 1-курс студенттерімен «Менің отбасымның негізгі құндылықтары, дәстүрлері, әдеттері» тақырыбында кураторлық сағат өткізді. Мақсаты: студенттерге отбасы құндылықтарының маңызын түсіндіру, ұлттық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды құрметтеуге тәрбиелеу, сондай-ақ отбасы мүшелері арасындағы сыйластық пен бірлікті насихаттау болды. Студенттер өз отбасындағы тәрбиелік құндылықтар, салт-дәстүрлер мен күнделікті әдеттер туралы ой бөлісіп, отбасының адам өміріндегі ерекше орны жөнінде пікір алмасты. Сонымен қатар, тақырыпқа байланысты презентациялар көрсетіліп, еркін пікірталас ұйымдастырылды.

