2024 жылғы 14 ақпанда «Фармация апталығы» аясында арнайы пәндер оқытушысы З.Х. Қожабекова бітіру топтарының студенттері арасында «Мен-Фармацевт» атты зияткерлік ойынын өткізді.
Іс-шараның мақсаты: студенттердің танымдық белсенділігін дамыту, алған білімдерін қызметті ұйымдастырудың стандартты емес ойын түрлерінде бекіту.
Ойынға екі команда қатысты: «Денсаулық» командасы-3-ФМ-АК-11 тобы және «Пульс» командасы — 3-ФМ-В-11 тобы .16 конкурстық тапсырма өткізілді, оның ішінде 4 –коммуникативтік дағдыларды дамытуға арналған «Дәріханадағы жағдай» жағдаятты есепер, сондай-ақ «фармацевтердің рецептуралық-өндірістік бөлімі» бойынша. Студенттер шығармашылық нөмірлер дайындады. Іс-шара серпінді, жанды, толқумен өтті.
Ойын нәтижелері:
1 орын — «Пульс» командасы, 3-ФМ-В-11 тобы;
2 орын — «Денсаулық» командасы, 3-ФМ-АК-11 тобы.
Мұндай іс-шараларды өткізу студенттердің ақыл-ой және шығармашылық қабілеттерін ашуға, олардың жеке қасиеттерін дамытуға мүмкіндік береді, олардың көкжиегін кеңейтуге итермелейді.

