2024 жылдың 13 ақпан күні колледждің қабырғасында ҚР Қорғаныс министрлігі Әскери клиникалық госпиталі мен З.Г.Мурзагулова атындағы «Даналық» жоғары медициналық коледжі арасында «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубын ашу бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою салтанатты іс-шара өткізілді. Іс-шараның қонақтары: ҚР ҚМ Бас әскери клиникалық госпиталь бастығы м/қ полковнигі Габиден Жакенович Айдаров, «Әскери медицина ардагерлері» Қоғамдық бірлестігінің мүшесі Серек Аронович Болтабаев, Республикалық қоғамдық бірлестігінің «Жас Сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Астана қаласындағы филиалы төрағасы Асхат Бағдатұлы Наушыбек, Госпиталь бастығының (медициналық бөлім жөніндегі) орынбасары – бөлім басшысы м/қ майоры Бауыржан Есенгелдіұлы Нұрғалиев және Астана қаласы, Сарыарқа ауданы Әкімдігінің Жастар саясаты мәселелері басқармасының жастар ұйымдарымен жұмыс бөлімінің басшысы Саргубенова Ажар Айтқалиқызы.
«Жас Сарбаз» әскери-патриоттық клубының мақсаты: өскелең ұрпақтың бойында жоғары патриоттық сезімдер мен адамгершілік қасиеттерді, азаматтық белсенділікті, рухани-адамгершілікті, Отан алдындағы жауапкершілік сезімін тәрбиелеу, салауатты өмір салтын насихаттау және әскери-қолданбалы спорт түрлерін танымал ету болып табылады.

