2023 жылдың 28 наурызында «Мейіргер ісі» мамандығы апталығы аясында орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы А. Е. Джумашева 1 және 2 курс студенттері арасында «Мейіргер-мейірімділік кәсібі» атты сыныптан тыс іс-шара өткізді.
Іс-шараның мақсаты:
— мейіргер ісінің негізін қалаушы Флоренс Найтингейлдің өмірі мен қызметі және мейіргер ісі мамандығының пайда болуы туралы студенттердің білімін кеңейту;
— қазіргі әлемдегі мейіргер ісі мамандығының маңыздылығын атап өту.
Іс-шара барысында студенттер мейіргер ісінің негізін қалаушы Флоренс Найтингейл туралы, ҚР-да мейіргер ісін жаңғырту туралы айтты. Ойын түрінде «Медициналық халатты қалай дұрыс бүктеуге болады» атты шеберлік сыныбы өткізілді, студенттер мәнерлеп өлең оқыды, ән шырқады, «Таза қолдар» флешмобын биледі. Студенттер медициналық викторинаға және «Қара жәшік» ойынына үлкен қызығушылықпен қатысты. Іс-шара жоғары деңгейде өтті.

