«Мейіргер ісінің үшбірлігі: клиникалық тәжірибе, зерттеу және білім» атты Халықаралық конференциясы

2023 жылғы 09-10 қарашада «Астана медицина университеті» КеАҚ ұйымдастырған » «Мейіргер ісінің үшбірлігі: клиникалық тәжірибе, зерттеу және білім» атты Халықаралық конференциясының жұмысына «Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавры» біліктілігінің оқытушылары мен студенттері қатысты.
Конференция жұмысына Литва, Финляндия, Нидерланды сарапшылары, ДДҰ, Халықаралық медбикелер кеңесінің өкілдері қатысты.
Конференцияның негізгі мақсаты: «Қазақстандағы жоғары білім жүйесінде магистратура мен PhD докторантура деңгейінде мейіргер ісін жетілдіру – AccelEd» жобасының нәтижелері мен тұрақтылығын талқылау, тәжірибе алмасу, жоғары мейіргерлік білім беру әлеуетін арттыру және реформалау бойынша әлемдік тәжірибені талқылау.

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *