«Медицина. СӨС» тақырыбында «Салауатты өмір салтын қалыптастыру» орталығымен бірлесе отырып, көңілді және тапқырлар сайысы

2023 жылдың 23 қараша күні колледждің 1курс студенттері арасында  «Медицина. СӨС» тақырыбында «Салауатты өмір салтын қалыптастыру» орталығымен бірлесе отырып, көңілді және тапқырлар сайысы өткізілді. Сайыста 6 команда: 
1. «Дана түлектері»
2. «Лям»
3. «Элита»
4. «Дети Историка» 
5. «На рахате»
6. «Здоровые ответы будущих медиков»
Іс-шараның мақсаты: 
•  Жастардың жан-жақты шығармашылық қабілеттерін дамыту және олардың зерделік потенциалын жүзеге асыру;
• «Саламатты Қазақстан» бағдарламасында көрсетілген салауатты өмір салтын насихаттау;
• Жауапкершілік пен еңбексүйгіштікті қалыптастыруға, көшбасшылық және ұйымдастырушылық қабілеттерін дамытуға бағытталған жастардың жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту.
Сайыс қорытындысы бойынша: 1-орын «Элита»; 2-орын «Дети историка»; 3-орын «На рахате» мен «Здоровые дети будущих медиков», «Дана түлектері» және «Лям» командалары «Алғыс хатты» иеленді. «Салауатты өмір салтын қалыптастыру» орталығының директоры: Қанат Жайықұлы Хамзин сөз сөйлеп, жеңіске жеткен студенттерді құттықтап, Дипломдармен марапаттады.
 
 

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *