«MEDI CUP» қалалық ауыспалы кубок дебат турнирі

2024 жылғы 24 ақпанында «З.Г.Мурзагулова атындағы «ДАНАЛЫҚ» жоғары медициналық колледжінің» БМ негізін қалаушы З.Г.Мурзагулованың 90 жылдық мерейтойына орай ҚҚ «Jastar jalynu», ҚҚ «Qazaq Debate» және «Астана Жастары» ЖРО КММ бірлесе ұйымдастырып колледж студенттері арасында «MEDI CUP-24» қалалық ауыспалы кубок дебат турнирі өткізілді.
Турнирге 6 колледжден 20 команда қатысты.
Турнир аясында спикерлер медицинаға қатысты маңызды мәселелерді талқылады. «MEDI CUP-24» қалалық ауыспалы кубок дебат турнирінің жеңімпаздары:
— «Үздік спикер» номинациясы «Орда» фракция «Томирис» медициналық колледжі;
-«Үздік фракция» номинациясы «Кардио шипагер» фракция «Шипагер» медициналық колледжі;
І – орын «Томирис» медициналық колледжі;
ІІ — орын Медициналық техникалық колледж
ІІІ – орын Астана қ. әкімдігінің «Жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ МКК.
Барлық жеңімпаздарға колледждің фирмалық логотипі бар күнделіктер, қаламдар, «Астана жастары» ЖРО КММ, «Qazaq Debate» ҚҚ сыйлықтары табыс етіліп, дипломдар және сертификаттармен марапатталды.

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *