«Математикалық есептерді компьютерлік бағдарламалар арқылы шешу» тақырыбында колледжішілік конференциясы

2025 жылғы 23 мамырда жалпы білім беру пәндерінің оқытушысы Н. К. Жексенова 1-СД-АК тобымен ғылыми-зерттеу жұмысы аясында «Математикалық есептерді компьютерлік бағдарламалар арқылы шешу» тақырыбында колледжішілік конференциясын өткізді. Конференцияның мақсаты: студенттерді математикалық есептерді шешуде заманауи компьютерлік бағдарламалардың мүмкіндіктерімен таныстыру, оларды оқу процесінде тиімді қолдану жолдарын көрсету, сондай-ақ цифрлық сауаттылықты, алгоритмдік ойлауды және зерттеу дағдыларын дамыту. Конференция барысында графикалық және сандық әдістерді қолдана отырып нақты міндеттер шешіліп, көрнекі нәтижелер ұсынылды. Іс-шара студенттердің пәнге деген қызығушылығын арттыруда және теория мен практика арасындағы байланысты нығайтуда маңызды рөл атқарды.

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *